Сенат салық режиміне қатысты құжат қабылдады

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне сонымен бірге, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы Сенат отырысында қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды. 

Сенат салық режиміне қатысты құжат қабылдады Фото: Хабар 24

Сенатор Бекболат Орынбеков айтуынша Заң жобасын талқылау және оны екінші оқылымға дайындау барысында құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады.

Бөлшек салық бойынша арнаулы салық режиміне қатысты:

  • Режимді 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалану мүмкіндігін беру;
  • Салық кодексінің бөлшек сауда жөніндегі тарауының қолданысын қалпына келтіру;
  • Қызмет түрлерін қоғамдық тамақтану саласы ғана емес, Үкімет қаулысымен айқындалатын тізбесімен кеңейту;
  • Бөлшек салық режимін қолдану мерзімінің белгісіздігі;
  • Салық мөлшерлемесін 6%-дан 4%-ға дейін төмендету;
  • Мәслихаттарға мөлшерлеменің 50%-ға, яғни 4%-дан     2%-ға дейін төмендету құқығын беру;
  • Заңды тұлғаларға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан және қызметтер көрсетуден түскен кірістер бойынша 8%-ға мөлшерлеме белгілеу;
  • Осы арнаулы режимін қолдану өлшем шарттары: жұмыскерлердің жалпы орташа саны 200 адамнан және жылдық кірісі 600 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс;
  • Салықтың көрсетілген сараланған мөлшерлемелерін қолдану үшін салық төлеушілер бөлек салық есебін жүргізуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу