Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында "Қазақстан үкіметі мен Сербия үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.
2015 жылдың 28 тамызында Астанада қол қойылған келісім Қазақстан мен Сербия арасындағы халықаралық автомобиль қатынастарындағы жолаушы мен жүк тасымалын, олардың аумақтары арқылы транзитті, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген елдердің аумақтарында тіркелген көлік құралдарымен үшінші елге осындай тасымалдауға жіберілген тасымалдаушыларды реттеуге бағытталған.
Құжат Қазақстан мен Сербия арасындағы автомобиль тасымалын жүзеге асыруға, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға құқықтық негіз жасауға мүмкіндік береді. Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.