Бұл туралы Сенат кулуарында Мәулен Әшімбаев айтты.
"Барлық шешімдер, соның ішінде Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жою жалпыхалықтық референдум нәтижелеріне сәйкес қабылданады. Біз өз халқымыздың шешімін толығымен орындаймыз. Бұл сайлаушыларымыздың бастамалары, тапсырмалары, өтініштері, өкімдері. Маусым айында өткен жалпыхалықтық референдумда еліміздің азаматтары басым дауыспен Конституциямыздан Елбасы туралы нормаларды алып тастауға дауыс берді", - деді Мәулен Әшімбаев.
Айта кететіні, Конституциялық өзгерістерге сәйкес Конституциялық заң жобалары Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында қаралатыны белгілі.
13 қаңтар палаталардың бірлескен отырысында "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күші жойылды деп тану туралы" Конституциялық заңның жобасы қаралады.