Сенат су арналарын қорғауға бағытталған хаттаманы ратификациялады

206

Қазақстан – су ресурстарының тапшылығын сезіп отырған елдердің бірі.

Сенат су арналарын қорғауға бағытталған хаттаманы ратификациялады Фото: time.kz

Сенат "1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Қазақстан – бүгінгі таңда су ресурстарының тапшылығы мен климаттық өзгерістердің әсерін қатты сезіп отырған елдердің бірі. Соңғы жылдары Жайық өзенінің тайыздануы, Балқаш пен Іле көлдерінің экожүйесіндегі өзгерістер, Сырдария ағысының құбылуы су саласының елдің тұрақты дамуына тікелей әсер ететінін көрсетті. Осы жағдайда су қауіпсіздігі – елдің дамуында нақты шешуші рөл атқаратын басымдық. Бұл мәселені шешу тек инфрақұрылымды жаңартумен шектелмейді", – деді Арман Өтеғұлов.

Оның сөзінше, Қазақстанның тұщы су ресурстарының шамамен жартысы шекарадан тыс қалыптасады. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, судың сапасы нашар болса, 35-тен астам инфекциялық ауру таралуы мүмкін, деп атап өтті сенатор.

"2024 жылы қабылданған Жаңа Су кодексі маңызды реформаларды бастады. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Су сапасы мен санитарияны халықаралық стандарттармен бекіту қажет. Міне, дәл осы жерде Су және денсаулық проблемалары туралы хаттама шешуші рөл атқарады. 1999 жылы Лондонда қабылданған Хаттама – әлемде су және денсаулық мәселелерін біріктіретін бірегей халықаралық келісім. Хаттама су ресурстарын тұрақты басқару есебінен, сондай-ақ сумен байланысты аурулардың таралу дәрежесін болдырмау және шектеу арқылы халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған", – деді Сенат депутаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу