Сенат ТМД-да биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялады

203

Сенат Мәжіліс қабылдаған "Биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сенат ТМД-да биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялады Фото: inbusiness.kz

Заң бойынша баяндама жасаған сенатор сенатор Сәкен Арубаевтың сөзінше, бұл құжат биологиялық зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолында маңызды қадам болады

"Сондай-ақ, Тәуелсіз Мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің, жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуын болдырмау, аса қауіпті аурулардың зертханалық диагностикасын жетілдіру, микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын толықтыру және осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің аумақтарын эпизоотиядан қорғау жөніндегі күш - жігерін біріктіруге мүмкіндік  береді. Келісімді ратификациялау биологиялық материалдармен алмасуды халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес реттей отырып, ғылыми мекемелердің шетелдік әріптестермен өзара іс-қимылы үшін құқықтық базаны қамтамасыз етеді. Бұл келісім ҚР  заңнамасына, ратификациялаған халықаралық шарттарға және ҚР қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді", - деді Сенат депутаты.

Жаһандық биологиялық материал алмасу желісіне қосылу, еліміздің ұлттық зерттеу мекемелеріне бірегей үлгілерге қол жеткізуге және жетекші әлемдік зертханалармен бірлескен зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді, деп жалғастырды ол.

"Биоматериалды алушы тиісті қорғау жүйесі бар өз зертханасында диагностикалық, мониторингтік жұмыстар және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында ғана пайдаланады. Биоматериал коммерциялық лицензия өнімдерін немесе көрсетілетін қызметтерді өндіру немесе сату сияқты коммерциялық мақсаттарда пайдаланылмайды. Кез келген зерттеулер аяқталған соң алушы зерттеулерді жүргізу нәтижелері туралы өнім берушіні хабардар етуге міндеттеледі. Алушы өнім берушімен келісу бойынша материалды өзге де мақсаттарда пайдалана алады", - деді сенатор Сәкен Арубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу