Сенат төрағасы: Біз Украина мен Ресейдің жанжалы бейбіт шешілгенін қолдаймыз

1216

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Ресей – біздің серіктесіміз" дегенді жиі айтады. Ендеше Қазақстан Ресей мен Украина жанжалында Ресейді жақтай ма?

Сенат төрағасы: Біз Украина мен Ресейдің жанжалы бейбіт шешілгенін қолдаймыз Фото: Серікжан Қобыланбаев

Сенат төрағасы, Конституция бойынша биліктегі екінші адам Мәулен Әшімбаевқа палата отырысынан кейін журналистер осындай сауал қойды.

"Қазақстанның ұстанымы мынадай: екі мемлекет те бізге өте жақын, бауырласымыз деп айтуға толық негіз бар. Тарихымыз бен қарым-қатынасымызды білесіздер. Біз конфликтінің бейбіт, саяси жолмен шешілгенін қолдаймыз. Бейбіт шешілуіне үлес қосуға дайынбыз. Ал "ЛХР" мен "ДХР" елдерінің егемендігін мойындау-мойындамау – біздің күн тәртібімізде тұрған жоқ. БҰҰ шешімін күтеміз", – деді Әшімбаев. 

Бұған дейін Сыртқы істер министрі айтқандай, сенат спикері де ҰҚШҰ әскері Еуразиялық экономикалық елдерге ғана бара алатынын, жанжал болып жатқан жерге жіберілмейтінін айтты. 

"Егер қандай да бір жағдай туындап, БҰҰ деңгейінде шешім қабылданса, БҰҰ мандатымен ғана әлемнің кез келген еліне әскер жібере аламыз", – деді Әшімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу