Сенат төрағасы CERN делегациясын қабылдады

1148

Сенат төрағасы CERN делегациясын қабылдады

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымының халықаралық қатынастар жөніндегі директоры (CERN) Шарлотта Линдберг-Варакауллені қабылдады.  

ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдары әлемдегі жоғары энергия физикасының лабораториясы болып табылатын CERN-мен тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Европалық ұйымның өкілдері өзара тиімді ынтымақтастықтың институттық базасын қалыптастыруға қолдау білдіргені үшін Сенат төрағасына алғыс айтты. Ш.Линдберг-Варакаулленің айтуынша, қазіргі кезде әзірленіп жатқан жаңа сипаттағы ынтымақтастық бірлескен зерттеу жобалары және мамандарды оқыту секілді көптеген мәселелерді қамтитын болады. CERN делегациясының елімізге сапары аясында энергетика, білім және ғылым министрлерімен кездесулер, "Назарбаев университетіне", әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, Ядролық физика институты мен Физика-техникалық институтына баруды жоспарлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу