Сенат төрағасы ҚХА құрылымдарының басшыларымен кездесті

441

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының басшыларымен кездесу өтті.  

Сенат төрағасы ҚХА құрылымдарының басшыларымен кездесті Фото: parlam.kz

Іс-шара барысында сенаторлар мен ҚХА өкілдері алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысты ашқан Палата Төрағасы елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси реформалардың маңызына тоқталды. Сондай-ақ ол Қазақстан халқы Ассамблеясы квотасының Сенатқа берілуі соның бір нәтижесі екенін тілге тиек етті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жалпыұлттық бірлік және этникааралық келісім идеясын дәріптеуге үнемі баса мән беріп келеді. Бұл бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясы ерекше рөл атқарады. Ассамблея квотасының Мәжілістен Сенатқа берілуі Президентіміздің бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың маңызды бөлігі. Қазіргі таңда Ассамблея квотасымен тағайындалған сенаторлар заң шығару жұмысына белсенді кірісіп, Палата отырыстарында маңызды мәселелерді көтеріп жүргенін атап өткен жөн", - деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасының айтуынша, Палатаның жаңа рөлін ескере отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара жұмыстың тиімді тетіктерін айқындап алу аса маңызды. Сондай-ақ түрлі тәжірибелік іс-шараларды Ассамблеяның алдында тұрған міндеттерді назарға ала отырып ұйымдастыру мәселесі де өзекті екені айтылды.

Жиын барысында Ассамблея квотасымен тағайындалған сенаторлар, ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов және тағы басқалары сөз сөйледі. Қатысушылар этносаралық қарым-қатынас саласындағы жанжалды жағдайлардың алдын алу мәселелері бойынша пікір алмасып, осы бағыттағы жұмысты одан әрі жақсарту жөнінде ұсыныстарын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу