"Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын", - деп жазды Мәулен Әшімбаев Facebook желісіндегі парақшасында.
Бұл ретте сенат төрағасы пандемияның екпіні әлі бәсеңдемегенін, сондықтан сақтық шараларын қатаң сақтау керектігі атап өтті.
"Арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды. Бұл ең алдымен, өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды. Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік", - деді Мәулен Әшімбаев.