Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ресми сапармен Қырғыз еліне келді

Ол 1916 жылғы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандарды еске алуға арналған тарихи мемориалға гүл шоғын қойып, Шыңғыс Айтматовтың музей-үйіне барды.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ресми сапармен Қырғыз еліне келді

Мәулен Әшімбаев ресми сапары барысында Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасы Нұрланбек Шакиевтің кездесті, деп жазады inbusiness.kz тілшісі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қос тарап парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. 

Сонымен бірге Сенат Төрағасы 1916 жылғы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандарды еске алуға арналған "Ата-Бейит" тарихи мемориалына гүл шоғын қойды. 

Ресми сапар барысында қазақстандық тарап әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың рухына тағзым етіп, қаламгердің музей-үйіне барды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу