Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Валентина Матвиенкомен екіжақты кездесу өткізеді

1071

Қос елдің сенаторлары екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді қарастырады.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Валентина Матвиенкомен екіжақты кездесу өткізеді

Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко 27-28 маусымда Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сапар барысында Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр", – деп хабарлады Парламент сенатының баспасөз қызметі.

Ресей делегациясының сапары кезінде Қазақстан Республикасы Парламенті сенаты мен Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 16-отырысы өтеді.

"Қос елдің сенаторлары екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді, соның ішінде аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығының даму перспективаларын, аэроғарыш саласындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытуды, сондай-ақ трансшекаралық өзендердегі экологиялық мәселелерді қарастырады", – деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, Валентина Матвиенко биылғы жылдың 29-30 сәуірінде Қазақстанға келуді жоспарлаған, бірақ Қазақстан тарапының талабы бойынша сапар кейінге шегерілді. Себебі сенат спикері Мәулен Әшімбаев коронавирустық инфекция жұқтырып, сырқаттанып қалған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу