Сенат Төрағасы Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті

703

Дипломат Сенат Төрағасын Палата басшысы лауазымына сайлануымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тілеген.  

Сенат Төрағасы Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті, деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

 "Кездесу барысында екі елдің мемлекет басшылары арасында қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру аясындағы бағыттар сөз болды. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, өңіраралық және шекаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар мемлекеттер арасындағы екі жақты және көпжақты парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі күшейту қажеттігіне назар аударды", – делінген Парламент Сенатының ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу