Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Владимир Зеленскиймен кездесті

838

Бектас Бекназаров Қазақстан халқы атынан жаңа президентті қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтап, Украина халқының игілігі жолында табысты еңбек етуін тіледі.

Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Владимир Зеленскиймен кездесті

Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Украинаның жаңадан сайланған президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.

Салтанатты жиыннан кейінгі кездесуде Бектас Бекназаров Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен барша Қазақстан халқы атынан Владимир Зеленскийді қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтап, Украина халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі. Кездесу барысында, сондай-ақ, Қазақстан мен Украина арасындағы қатынастарға қарқын беру жөніндегі ауқымды мәселелер талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу