Бүгін Қазақстан Парламентінің жоғарғы палатасында кадрлық ауыс-түйіс болды. Осыған дейін Мемлекет басшысының жарлығымен сенат депутатты мандатын иеленген Нұрлан Әбдіров сенат төрағасының орынбасары лауазымына сайланды.
Нұрлан Әбдіровтың кандидатурасын сенат спикері Мәулен Әшімбаев ұсынды. Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.
Мемлекет басшысының жарлығымен бұған дейін сенат төрағасының орынбасары болған Бектас Бекназаровтың өкілеттілігі тоқтатылды.
Ол 2014 жылдан бері сенат депутаты, төрт жыл бойы сенат төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу