АҚШ Конгресінің Сенаты бұрынғы президент Дональд Трампқа импичмент жариялау процесі конституцияға қайшы келмейтінін мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Дауыс беру рәсімі заң шығарушы органның жоғарғы палатасының сайтында жарияланды.
56 сенатор импичмент рәсімі елдің негізгі заңына сәйкес келеді деп келісті, 44 заң шығарушы қарсы шықты.
Еске сала кетсек, 6 қаңтарда Трамп Ақ үйдің жанында митингке жиналған жақтастарын "әлсіз республикашыларға" сайлау қорытындысына қарсы шығуға көмектесу үшін Капитолийге баруға үндеді. Олар содан кейін ғимаратқа баса-көктеп кіріп, Джо Байденді президент ретінде бекітуге қатысты сессияны тоқтатқан еді. Құқық қорғау органдары бүлікшілерді ғимараттан шығарғаннан кейін, конгрессмендер демократ Джо Байденнің жеңісін мақұлдады.
Табиғат Нұрболат
Фото: ft.com