Сенат ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты заңды Мәжіліске кері қайтарды

297

Құжаттың жекелеген баптары мақұлданбады. 

Сенат ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты заңды Мәжіліске кері қайтарды Фото: www.parlam.kz

Сенаторлар кейбір заңнамалық актілерге ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ҚР арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері мен толықтырулар енгізу туралы заңды Мәжіліске кері қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заңның көрсетілген баптарының жаңа редакциясы мен заң Парламенттің төменгі палатасына қайтарылды.

"Заң халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды. Заңды талқылау барысында негізгі бағыттар бойынша төмендегі түзетулер енгізу қажеттігі туындады. Адам құқығы мен бостандығын шектеуге қатысты нормаларды ҚР Конституциялық Соттың нормативтік қаулысына сәйкес келтіру, мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтерді беру тәртібін айқындау жөніндегі құзыретті белгілейтін қайталанатын нормаларды алып тастау, алдын ала тергеу қызметінде аяқталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары арасындағы өкілеттіктердің ара-жігін ажырату, олардың жауапкершілік деңгейін айқындау, үш буынды модельді нормаларды қолданысқа енгізу мерзіміне қатысты. Заңның кейбір ережелерін қолданыстағы заңнаманың ережелеріне сәйкес келтіру ұсынылды", - деді сенатор Ғалиасқар Сарыбаев.

Оның сөзінше, түзетулердің басым көпшілігі заңдарды мемлекеттік басқару жүйесінің реформасына сәйкес келтіру, ұлттық қауіпсіздік катерлеріне тиісті деңгейде ден қою, қызмет өткеру жүйесін жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту қажеттігінен туындады.

Салыстырмалы кестеге барлығы 8 түзету енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу