Сенат вейпке қатысты заңды Мәжіліске қайтарды

409

Заңның жекелеген баптары мақұлданбады. 

Сенат вейпке қатысты заңды Мәжіліске қайтарды Фото: liksdent.ru

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды Мәжіліске кері қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бас комитет заңның жекелеген баптарын мақұлдамады, көрсетілген баптарын жаңа редакциясы мен заңды Мәжіліске қайтаруды ұсынып отыр. Осыған орай салыстырмалы кестеге үш түзету енгізілген", - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Қаралған заң денсаулық сақтау саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді шешуге, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Заңды қарау барысында Сенат мыналарды:

  • шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін қылмыстық жауаптылықтың заңмен белгіленуіне байланысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен электрондық тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтарды сату, пайдалану, оларға демеушілік көрсету үшін жауаптылықты регламенттейтін нормаларды алып тастауды;
  • шегілмейтін темекі бұйымдары мен вейптердің тауар белгісінің элементтерін және (немесе) атауын пайдалана отырып, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға, сондай-ақ шегілмейтін темекі бұйымдары мен вейптерге сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған түрлі іс-шараларды, оның ішінде жүлделер ұтыс ойындарын, лотереяларды өткізуге тыйым салуды белгілеуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сенаттың ескертулері мен ұсыныстары салыстырма кестеге жинақталған

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу