Сенат вице-спикері G-20 елдері Парламент Спикерлерінің VIII саммитіне қатысты

485

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Индонезияда өткен G20 елдері парламенттері спикерлерінің VIII саммитіне қатысты, деп жазады inbusiness.kz ҚР Парламент Сенатының ресми сайтына сілтеме жасап.

Сенат вице-спикері G-20 елдері Парламент Спикерлерінің VIII саммитіне қатысты Фото: parlam.kz

Сенат вице-спикері әріптестерімен тұрақты даму, жасыл экономиканы жеделдету, тиімді Парламент пен динамикалық демократияны одан әрі құру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар әлеуметтік инклюзия, гендерлік теңдікті нығайту, әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтудің өзекті мәселелері де назардан тыс қалмады.

"Саммит барысында парламентшілер G20-ға мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға қатысты сұрақтары мен ұсыныстарын айтты. Кездесу нәтижесінде парламентаралық ынтымақтастық арқылы одан әрі өзара іс-қимыл туралы келісімге қол жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу