Сенат жер қойнауын пайдалану мәселелері туралы заңды мақұлдады

271

Құжат саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталып отыр. 

Сенат жер қойнауын пайдалану мәселелері туралы заңды мақұлдады Фото: inbusiness.kz

Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге жер қойнауын пайдалану және экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Атап айтқанда, көмірсутектерді геологиялық барлаудың инвестициялық тартымдылығын арттыру; базалық жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама жүргізу тәртібін жетілдіру; жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде әкімшілік шығындарды қысқарту жөніндегі түзетулер; қолданыстағы олқылықтарды жою және келісімшартты ұзарту, жер қойнауы учаскесін кеңейту рәсімдерін жақсарту. Сондай-ақ, бұрын жасалған келісімшарттар бойынша өтпелі ережелерді жетілдіру; сарқылатын кен орындарына инвестициялар тартуды ынталандыру", - деді сенатор Сүйіндік Алдашев.

Құжатта жер қойнауы және оны пайдалану туралы кодекске бірқатар түзету енгізу көзделіп отыр. 

"Барлау кезеңіндегі жобалау құжаттары үшін хабарлама жасау тәртібі, бұл базалық жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама мерзімін 6 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Базалық жобалау құжаттарын сараптау тәртібін қайта қарау, бұл келісу кезеңін 8 айға қысқартады. Көмірсутектер саласындағы аукциондық рәсімдерді жетілдіру, бұл электрондық аукциондарды өткізу кезінде бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік береді, ол жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін бюджетке төленетін қол қою бонусының мөлшерін ұлғайтады. Барлау кезеңін ұзартуға қосымша мүмкіндік береді, бұл барланған жер қойнауы учаскелерін өнеркәсіптік айналымға тарту мерзімін 3 жылға дейін қысқартуға ықпал етеді", - деді депутат.

Сонымен қатар Экологиялық кодекске Ұлттық пошта операторында жер қойнауын пайдалану салдарын жою үшін ақшаны сақтау мүмкіндігі бөлігінде түзетулер де қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу