Сенат отырысында Жоғарғы соттың судьясы Дана Тоқмырзина қызметінен босатылды.
"Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы негізінде және Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 34-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті мынадай қорытындыға келді:
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына Дана Айтмағанбетқызы Тоқмырзинаны басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметінен босатуға ұсыным жасалсын", – деді Сенаттың құқықтық комитеті төрағасы Андрей Лукин.
Депутаттар аталған ұсынымға қолдау білдірді.