Сенат Жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босатты

134

Екі судья зейнет жасына жеткен.

Сенат Жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босатты Фото: inform.kz

Сенаторлар Жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоғары Сот Кенесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Ботагөз Ералиева бен Қамбар Нұрышевты қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысын енгізді. Екі судья да зейнет жасына жеткен. Олардың жұмыс тәжірибесі сәйкесінше 28 және 37 жылды құрайды. Судьялар қауымдастығында зор беделге ие.

"Әріптестеріміз өздеріне жүктелген жауапкершілігі мол міндетті абыроймен атқарды. Алдағы уақытта барлық істеріне сәттілік тілейміз",  деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу