"ҚР Президентінің Жоғарғы сотының судьясын қызметінен босатуға ұсынылған кандидатураны талқылап, қарау нәтижесі бойынша қорытынды шығарды. ҚР Президентінің ұсынуы негізінде және Конституцияның 55-бабының 1-тармақшасы, "ҚР Парламенті және оның дептутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 22-бабына, "ҚР Сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, Комитет Парламент Сенатына Берік Төлеутайұлы Нәжімеденовті басқа қызметке тағайындалуына байланысты ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатуды ұсынады", – деді Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқықтық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров.
Депутаттар бірауыздан ұсынысты қолдап, Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатты.