Сенат Жоғарғы Соттың үш судьясын қызметінен босатты

Барлық судьялар зейнет жасына толған. 

Сенат Жоғарғы Соттың үш судьясын қызметінен босатты Фото: ашық дереккөз

Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Сіздердің қарауларыңызға Мемлекет басшысының Сембек Баймахановты, Өміртай Ыбыраевты және Ұлболсын Сүлейменованы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы Сот судьялары лауазымдарынан босату туралы ұсынысын енгіздік. Барлық судьялар зейнет жасына толған және жұмыс өтілі 28 жылдан 37 жылға дейінгі аралықта. Олар судьялар қауымдастығында лайықты беделге ие. Сіздердің қолдауларыңызды сұраймыз", - деді депутаттар алдында Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Сенаторлар судьяларды қызметінен босатуға дауыс берді.

"Әріптестеріміз өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарды, алдағы қызметтеріне сәттілік тілейміз", - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу