Сенатор АЭС-ті Семей полигоны маңайына салуды ұсынды

191

Себебі, ол аумақта атом энергетикасына қатысты біршама ғылыми орталық жұмыс істеген. 

Сенатор АЭС-ті Семей полигоны маңайына салуды ұсынды Фото: Парламент Сенаты

Андрей Лукин Үкімет басшысына сауалында АЭС салатын жер деп Курчатов қаласын атады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Курчатов Абай облысы аумағына жатады. Депутаттың сөзінше, ол қалада барлық жағдай жасалған. 

– Атомдық энергетика саласын дамытуда Курчатов қаласының рөлі зор болмақ. Ол үшін Курчатов маңында дамыған желілік инфрақұрылым бар және энергетикалық қуатты апаттық жағдайда резервке алу мүмкіндігі де жоғары. 

Сонымен бірге атом электр станцияларын салу мен пайдалануды ғылыми-техникалық қамтамасыз етуге барлық жағдай жасалған. 

Қала сейсмикалық тұрақты аймақта орналасқан. Радиоактивті қалдықтарды сақтаудың әлеуетті ресурстары бар және су тапшылығы туындамайды,  – дейді сенатор.

Лукиннің мәліметінше, Семей ядролық полигоны уақытында атом энергетикасына қатысты біршама ғылыми орталық жұмыс атқарған. Тіпті, сол орталықтардың әлі жұмыс жүргізуіне мүмкіндік бар. 

Сенатор осы күні қала бюджетінің тең жартысы осы ғылыми нысандардың салықтық түсімімен толығып отырғанын жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу