Сенатор Астанадағы мейрамханаларды қала сыртына шығаруды ұсынды

574

Сенатор Астанадағы мейрамханаларды қала сыртына шығаруды ұсынды

Сенатор Серік Ақылбай Астанадағы көлік кептелісі проблемасын шешу үшін мейрамханаларды қаланың шетіне шығаруды ұсынды, деп хабарлайды inform.kz.

"Бірнеше ай бұрын Германияда, яғни Мюнхенде болдым. Бұл қаланың орталығында мейрамханалар өте аз, олар негізінен қалаға кіреберісте орналасқан. Ал бізде әкімшілік ғимараттар мен мейрамханалар шаһардың орталығында жайғасқан. Осы орайда барлығы орталыққа қарай ағылады. Германиядағы әріптестерден мейрамханалар не үшін қаланың шетінде орналасқанын сұрадым. Олар қаланың ішінде көлік санын азайту тұрғысында тиісті шаралар қабылданғанын айтты. Мейрамханалар қаланың сыртында орналасса, қаланың көлік жүйесіне жүктеме теңестірілген түрде болады. Бұл тұрғыда бізге де тиісті зерттеу жүргізген жөн", – дейді сенатор.

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун болашақта елордадағы көлік кептелісі проблемасын шешуге бірнеше орталықтың құрылуы ықпал ететінін айтты.

"Бүгінде бізде екі ғана орталық бар, яғни қалалық әкімдік орналасқан ескі бөлік пен Сол жағалау. Қазір тиісті бағдарлама әзірленді, онда жобаланған 7 аудан қарастырылып отыр. Оның әрқайсысында өз орталығы құрылады", – дейді Хорошун.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу