Сенатор екі ғасыр сақталған Құранды сыйлады

1122

Сенатор екі ғасыр сақталған Құранды сыйлады

ҚР Парламент Сенатының депутаты Елеусін Сағындықов Ақтөбеге жұмыс сапары кезінде  облыстық "Руханият" мұражайына барды. Сенатор ұзақ жылдардан бері сақтап келген екі ескі Құран кітабы мен жайнамазды мұражайға тапсырды.

Парақтары ескіріп, әбден сарғайған отыз паралы Құранның алғашқысы Бұқарада 1787 басылып шықққан. Екі ғасырдан астам уақыт сақталған жәдігерді жұртшылық енді  мұражайдан тамашалай алады.  Ал екінші Құран кітабын  Елеусін Сағындықов ақтөбелік жамағатқа арнайы сыйлық ретінде алған. Жайнамазды кезінде Ресей патшалығы сыйға беріпті.  Аталған жәдігерлердің арнайы сертификаты бар.

"Нұр Ғасыр" облыстық орталық мешітінің бас имамы Төлеби Оспан тарихты құрметтеп, исламға жанашыр болған сенаторға алғысын айтты.  Ал Елеусін Сағындықов жас ұрпақты тарихты құрметтеуге шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу