Сенатор: Қоқысты өңдеп, жоюға бағытталған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу керек

910

Қалалардағы ауаның жоғары деңгейде ластануы, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының нашар жағдайы және жайылым жерлерінің тозуы. Сенатор Әбдәлі Нұралиев өзінің депутаттық сауалында осы және басқа да экологиялық өткір проблемаларға назар аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сенатор: Қоқысты өңдеп, жоюға бағытталған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу керек

"Қазір еліміздегі 3 мыңнан астам полигонда 125 млн тоннадан аса қатты тұрмыстық қалдық жиналған. Бұл полигондардың 82%-ы экологиялық және санитарлық нормаларға сай келмейді. "Қазақстан ғарыш Сапары" компаниясының ғарыштық мониторингі шеңберінде елімізде жылдар бойы заңсыз қоқыс орындарының көбеюі анықталып, оларды жою шаралары толық шешімін таппай отыр", деді Әбдәлі Нұралиев бүгінгі Сенат отырысында.

Сонымен қатар, ол мәселені көрсетіп қана қоймай, оларды шешудің ықтимал жолдарын айтты. Сенатор атап айтқанда мектептерге экологиялық тәрбиені қарқынды түрде енгізуді, ауаның тазалығына арналған арнайы заң жобасы мен тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және жою жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу