Сенатор Көлік министрлігінің мәліметіне күмәнмен қарады

128

Сенатта Үкімет сағаты өтіп жатыр.  

Сенатор Көлік министрлігінің мәліметіне күмәнмен қарады Фото: ortcom.kz

Сенатор Әлібек Нәутиев автомобиль жолдары саласындағы жүйелік проблемаларды атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сөзінше, салада мемлекеттік жоспарлаудың тиімділігінің жеткіліксіздігі.

"Бұл негізінен жергілікті маңызы бар жолдарға қатысты.  Көлік министрлігінің деректері бойынша жергілікті жолдардың 89%-ы қажетті нормативтік жағдайда. Алайда, халықтың жол-мәселелері бойынша айтылған шағымдарын ескерсек, бұл көрсеткішке үлкен күмән бар. Барлық өңірлер үшін жолдарды жөндеудің бірыңғай тәсілдеріне қарамастан, облыстар бөлінісінде олардың жай-күйінде елеулі алшақтықтар байқалады. Мысалы, Жамбыл облысында жолдардың 99% нормативтік жағдайда болса, Батыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 2 есе төмен және тек 56% құрайды", - деді Сенат депутаты Әлібек Нәутиев.

Қолданыстағы нақты жағдайды анықтау және жөндеу жұмыстарын қаржыландырудың оңтайлы тетігін әзірлеу үшін жергілікті жолдардың барлық учаскелеріне диагностика мен паспорттау жүргізу қажет, деп атап өтті ол.

"Мұндай диагностиканың қорытындысы бойынша ең проблемалы учаскелер анықталады, анықталған ақаулардың сипатына сай жөндеу түрлері, сондай-ақ қызмет ету мерзімін болжау тағайындалады. Өңірлер бөлінісінде барлық деңгейдегі автомобиль жолдарының жай-күйінің сенімді деректері бар бірыңғай базасы болуы тиіс. Біздің комитет 2023 жылы өңірлерді дамыту жөніндегі Парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша Үкіметке аталған паспорттауды жүргізуді ұсынған болатын. Алайда, бүгінгі таңда диагностика толық көлемде тек республикалық маңызы бар автожолдарда ғана жүргізіліп, жергілікті маңызы бар жолдар мәселесі әлі күнге дейін өзекті күйінде қалуда", - деді сенатор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу