Сенатор "Қорғас" аумағында Қазақстан консульдығын ашу туралы ұсыныс айтты

121

Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық деңгейге жетті.  

Сенатор "Қорғас" аумағында Қазақстан консульдығын ашу туралы ұсыныс айтты Фото: cnn.com

Соған қарамастан отандық жүргізушілер әкімшілік кедергілерге тап болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Сенатор Сүйіндік Алдашев бұл мәселелерді шешу үшін "Қорғас" аумағында Қазақстан консульдығын ашуды ұсынды. Оның айтуынша, консульдық азаматтардың құқықтарын жедел қорғауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ол екі ел көліктеріне тең талап енгізуді, қазақстандық жүргізушілерге жүкпен де, жүксіз де еркін кіру құқығын беруді және Қытайдың "жүксіз шығуға болмайды" талабын алып тастауды қажет деп санайды.

Сенатор "Қорғас" орталығын ресми өткізу пункттерінің тізіміне енгізу арқылы арнайы экономикалық аймақтар арасында тікелей теміржол және автожол қатынасын іске қосу қажеттігін де атап өтті.

Соңғы үш жылда бұл бағыттағы автокөлік тасымалы 2,5 есе өскендіктен, шекарадағы "тар жерлерді" жою стратегиялық міндетке айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу