Сенатор лифт шаруашылығы саласында мемлекеттік қадағалауға мониторинг жүргізуді ұсынды

313

Оның айтуынша, лифтінің жұмысын қауіпті жүк көтергіш механизм ретінде тану бойынша жаңа бағдарлама қажет. 

Сенатор лифт шаруашылығы саласында мемлекеттік қадағалауға мониторинг жүргізуді ұсынды Фото: ortcom.kz

Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров газ баллондарының жарылуы мен лифттердің мәселесі бойынша Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Газды тасымалдау және пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оны міндетті түрде одоризациялау шараларын жүргізу қажет. Қазіргі таңда бұл жұмыстар мемлекеттік органдар тарапынан бақылаусыз және қадағалаусыз қалып отыр. Жергілікті атқарушы органдардың бұл шараны іске асыруға штаттық бірлігі де, қаражаты да және біліктілігі де жетпейді. Олар тек тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылым ішінде орналасқан тұрмыстық баллондар мен газ тұтынатын жүйелерге ғана бақылау жүргізеді. Табиғи газдың сыртқа кетіп жатқанын анықтайтын құрылғы қарапайым халықта мүлдем жоқ", - деді сенатор.

Бекбол Орынбасаров күні кеше Қостанай облысында болған қайғылы оқиғаны еске алды.

Оның айтуынша, мұндай апатты жағдайлар жыл сайын орын алып отыр. Сенатор бұл салада қадағалауды күшейту және функцияларды біріздендіру керек екенін түсінетін уақыт жетті деп санайды.

"Жергілікті атқарушы органдардың өзін-өзі басқару дербестігін күшейту керек деген лозунгы аясында мемлекеттік органдармен өздерін ең қауіпті функцияларын жасырын жүктеуді тоқтату қажет сияқты. Келесі мәселе – лифтілерге қатысты. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жүк көтергіш механизмі мен лифтілердің өнеркәсіп қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғау саласындағы өкілеттіктеріне жатқызылған. Бірақ лифтілерді қауіпсіз пайдалану ережесін әзірлеу, сондай-ақ елге сатып алынып әкелінетін лифтілерге рұқсаттаманы беру өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің құзыретінде қалды. Ал халықтың тұрғын үйлердегі жедел сатыларының техникалық мәселелері жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне беріле салған", - деді Сенатор Бекбол Орынбасаров.

Бұл саладағы маңызды функциялар бөлшектеніп, жергілікті әкімдіктерге мақсатты түрде берілген, деп жалғастырды ол.

"Газ және лифт шаруашылығы саласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қадағалау және бақылау өкілеттіктеріне мониторинг жүргізіп, аражігін ажырата отырып, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің жауапкершілігін күшейтуді ұсынамыз. Әлеуметтік және тұрмыстық нысандарға газ беру кезінде одоризациялық қондырғылардың режимдік жағдайда жұмыс істеуін есепке алу мен бақылауға баса мән беру керек. Лифтінің жұмысын қауіпті жүк көтергіш механизм ретінде тану және тұрғын үйлер лифтілерінің кепілдік мерзімінің өткендерін ауыстыру бойынша жаңа бағдарлама әзірлеу керек", - деп атап өтті сенатор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу