Сенатор мемлекеттік ұйым мен жекеменшік мектептегі теңсіздік туралы айтты

811

Мемлекеттік білім беру ұйымдары мен жекеменшік мектептер арасында әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларды қамтамасыз етуде теңсіздік болып жатыр. 

Сенатор мемлекеттік ұйым мен жекеменшік мектептегі теңсіздік туралы айтты

Сенатор Нұрлан Бекназаров Премьер-Министр Асқар Маминнің атына жолдаған депутаттық сауалында осы мәселеге назар аударды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Жеке мектептерде оқитын халықтың әлеуметтік-осал тобына жататын мектеп оқушылары әлеуметтік қолдауға мұқтаж", – деді депутат.

Білім және ғылыми министрлігінің мәліметі бойынша, елде 257 жекеменшік мектеп бар, онда 64 мыңға жуық мектеп оқушысы оқиды. Олардың бір тобы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар. Мысалы, Шымкентте 34 жекеменшік мектепте халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 7 мыңға жуық бала білім алады.

"Қазір мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты аясында жан басына қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары мен жекеменшік мектептердегі білім алатын әлеуметтік көмекке мұқтаж санатындағы оқушыларды оқулық, оқу-әдістемелік құралдар, киім және бір реттік тамақтандырумен қамтамасыз етуде теңсіздік орын алып отыр. Үкіметтің Қаулысы талаптарына сәйкес, аймақтардағы білім басқармалары әлеуметтік көмектермен тек мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің жоғарыда аталған санаттағы оқушыларын ғана қамтамасыз етеді", – деді Нұрлан Бекназаров. 

Осыған байланысты сенатор жекеменшік мектептерде оқитын әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларды қаржыландыру үшін қазіргі нормативтік құқықтық актілерді талапқа сай келтіру қажет екенін атап өтті.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу