Сенатор: Өкпені жасанды желдету аппаратының тең жартысын ауруханалар қабылдамаған

728

Өкпені жасанды желдеткіш аппаратының тең жартысын ауруханалар қабылдамай тастаған, деп хабарлайды Аtameken Business.  

Сенатор: Өкпені жасанды желдету аппаратының тең жартысын ауруханалар қабылдамаған

Бүгін сенатор Нұрлан Қылышбаев осындай мәлімдеме жасады. Қолына түскен құжатқа қарағанда, Үкімет резервінен қырауар ақша бөлініп, 17 аймаққа таратылған 1500 аппараттың тек 831-і ғана қолданылыпты. Өзгесі кем-кетігі көп болғандықтан жарамсыз болып тұр екен.

Сенатордың осылай деп мәлімдегені сол еді, аппаратты сатып алушы ведомство шұғыл жауап қатты. Индустрия вице-министрі Талғат Жанжүменов тіпті бұл ақпарат расталса, онда отставкаға беруге дайын екендігін мәлімдеді. Сонымен, кімдікі шын, кімдікі өтірік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу