Сенатор өндірістік жеке бақылау қызметін құруды ұсынды

774

Сенатта өткен үкімет сағатында депутат Сергей Ершов өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы жағдайды жақсартуға бағытталған заңнамалық бастамаларды уақыт оздырмай қарау қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Сенатор өндірістік жеке бақылау қызметін құруды ұсынды

"Уәкілетті органға қауіпті өндіріс нысандарын жаңарту мен техникалық қайта жарақтандырудың бірлескен жоспарын жасау мен бекіту жөнінде тиісті міндеттерді бере отырып, қауіпті өндіріс нысандарын пайдаланатын ұйымдарға техникалық қайта жарақтандырудың бірлескен жоспарын орындау және бірінші басшыға тікелей бағынатын өндірістік жеке бақылау қызметін құруға қажетті шара қабылдау міндетін бекіту қажет", – деді Сергей Ершов.

Сенатордың сөзінше, бұл шара Қарағанды облысының "Абай" шахтасында болған төтенше жағдай секілді қайғылы оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу