Сенатор премьер-министрден 500 млн теңге сұрады

967

Қызылорда облысында су тапшылығының өзектілігі жойылмай тұр. 

Сенатор премьер-министрден 500 млн теңге сұрады

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы осылай дабыл қағып, мәселені қазына қаржысы арқылы ғана шешуге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Депутат үкімет басшысына жолдаған сауалында Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы Сырдария өзені бассейнін сумен қамтамасыз етуге және суармалы жерлердің мелиорациялық жағдайына тікелей байланысты екенін айтты. Оның сөзінше, облыс трансшекаралық өзеннің төменгі ағысында орналасқан, сондықтан жоғары ағыстан келетін су көлеміне тәуелді.

"Өңір үшін Сырдария өзенінің жоғары ағысында орналасқан мемлекеттерден келетін суға тәуелділікті төмендету аса маңызды. Мәселені Қараөзек, Күміскеткен су қоймаларын салу арқылы шешуге болады", – деді депутат. 

Мұрат Бақтиярұлының баяндауынша, Күміскеткен, Қараөзек су қоймаларының құрылысын бастауға қомақты қаржы қажет. 

"2022 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерінде Күміскеткен және Қараөзек су қоймаларының құрылысын бастауға 500 млн теңге қаржы қарастырылуына, сонымен қатар 30 мың гектар суармалы егістік жерлерін сумен қамтамасыз ету мақсатында, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазсушар" РМК су жеткізіп беру қызметі есебінен Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында су тоспасын қайта салуға ықпал етуіңізді сұраймын", – деді депутат.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу