Осы уақытқа дейін трансформация деп жаһанға жар салған қордың іс-әрекеті бәз-баяғыша. Осылай деген Парламент депутаттары ұйым басшысының тірлігін сынға алды. Сөздерінше, қордың сатып алу жүйесіндегі өзгерістер косметикалық сипатта ғана. Мұны байқаған бизнес өкілдері мен сарапшылар арнайы талдау жасаған. Нәтижесінде, жаңа тәртіп әділ бәсекелестіктің негізгі ұстанымдарына қайшы екендігін анықтаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу