Сенатор Ақмарал Әлназарова палата отырысында сапасыз дәрілік заттардың импортына тосқауыл қоюға қатысты ұсыныс айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бұл ретте депутат Өзбекстанда сапасыз дәрі-дәрмек салдарынан 19 баланың қайтыс болуына алып келген қайғылы жағдайды атап өтті. Сондықтан елге импортталған препараттарды мұқият қадағалау қажет екенін атап өтті.
"Мұндай тәжірибе ресми түрде әкелінетін әрі тіркелген препараттарды жеткізушілерді де елеулі қатерге ұшыратып отыр. Бұл жалпы отандық фармацевтика саласының инвестициялық тартымдылығына нұқсан келтіреді. Мұндай қос стандарттар адал өндірушілердің сапалы препараттарын нарықтан ығыстырып шығаруына әкеліп соғады", - деді сенатор Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдай отырып.
Ақмарал Әлназарова Қазақстанда тіркелмеген дәрі-дәрмектерді әкелуге бірнеше рет бір реттік рұқсат беру осындай қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
"Халықтың сапалы, қауіпсіз және тиімді препараттар алуына жағдай жасау және ішкі нарықты толық қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттар айналымын реттеу тәсілдерін қайта қарау керек. Фармацевтикалық өнімнің жаңа түрлеріне жедел алдыртып, дәрілік заттардың бағасын реттеудің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында тіркеу рәсімдерін оңтайландыру қажет", - деді Ақмарал Әлназарова.