Сенатор жанжал аймағында жүрген қазақстандықтарға көмектесу жолын ұсынды

527

Оның сөзінше, ҚР азаматтарын роумингте қолдау мүмкіндігін ұйымдастыру қажет.

Сенатор жанжал аймағында жүрген қазақстандықтарға көмектесу жолын ұсынды Фото: РБК

Сенатор Нурия Ниязова Премьер-Министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында жанжал аймақтарында жүрген қазақстандықтарға қатысты мәселені көтерді, деп жазады inbusiness.kz.

Депутат Палестина мен Израильдегі әскери-саяси жағдайдың күрт ушығуына байланысты жайтты мысалға келтірді. Ол Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды қауіпсіз аймақтарға шығаруды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.

Соңғы инсайдерлік мәліметтерге сәйкес, Газа аймағында 150 отандасымыз бар және олардың бір бөлігінде гуманитарлық көмектің келуі туралы ақпарат жоқ, деді депутат. 

"Біздің азаматтардың көпшілігінде байланыс бар, бірақ елшілігіміздің өкілдеріне әрбір қоңырау шалу олардан үлкен сома шығып отыр. Өйткені олар роуминг арқылы сөйлесетіндіктен және көпшілігінің мұндай соманы төлеуге мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар сол аймақта роумингі бар операторлармен бәрі бірдей байланыса алмайды. Сондықтан Хаттама секілді өзгеше бірқатар шаралар әзірлеу қажет. Оған өзара нақты алгоритмі бар әртүрлі министрліктер тартылуы тиіс", - деді сенатор.

Нурия Ниязова осыған байланысты азаматтарымызды роумингте қолдау мүмкіндігін ұйымдастыруды ұсынды. Бұл мәселені телефон және  басқа да байланыстарды қамтамасыз ететін компаниялармен пысықтау керек, деп жалғастырды ол.

"Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі Телемедицина орталығы арқылы төтенше жағдайдағы азаматтарымызға медициналық-консультациялық көмек көрсету мүмкіндігін әзірлеуі қажет. ТЖ министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жағдайды ескерту мессенджерлер мен СМС жіберу арқылы шаралар кешенін жасауы қажет. Сондай-ақ цифрландыру және әділет министрліктері шекара қызметімен тығыз байланыста жұмыс істеп, мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде, ТЖ жағдайы туындаған жағдайда қайда қоңырау шалу немесе ақпарат жіберу, қалай әрекет ету және эвакуациялауға қалай дайындалу керектігі туралы нұсқаулықпен жадынама жіберу мүмкіндігін әзірлесін", - деді депутат Нурия Ниязова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу