Сенаторлар ағаш отырғызды

1889

Экологиялық акцияға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, ағаш екті.  

Сенаторлар ағаш отырғызды

Парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы Дариға Назарбаева бастаған сенат депутаттары мен аппарат қызметкерлері дәстүрлі жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қыметі.

"Бұл жолы көгалдандыру мен абаттандыру орны Мәңгілік ел және Ұлы дала даңғылдарының қиылысы болды. Шара барысында аймаққа жүзден астам терек, қарағай, шаған және бөртегүл көшеттері отырғызылды. Ағаштар мен көшеттер елорданың жасыл белдеуінде орналасқан орман питомнигінен жеткізілді", – деген палатаның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында 16 қыркүйек-13 қазан аралығында экологиялық айлық өтіп жатыр. Оның аясында 12 қазан күні Нұр-Сұлтанда ағаш отырғызу акциясы өтетіні белгіленген еді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу