Сенаторлар бюджет есебінен банктерді құтқаруды тоқтатуды талап етті

840

Сенаторлар бюджет есебінен банктерді құтқаруды тоқтатуды талап етті

Сенаторлар бюджет есебінен екінші деңгейлі банктерді құтқаруды тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды КТК арнасы. 
Жоғары палата мүшелері белшеден қарызға батқан коммерциялық банктерге  Ұлттық қордан қайта-қайта миллиардтар бөлуге қарсы. Олар қаржы министрінен бұл қарыздың  қашан қайтарылатынын сұрады.
"2017 жылы 2 триллион 100 миллиард теңге қаржы тағы екінші деңгейлі банктерді сауықтыруға беріп отырмыз. Соңғы 8 жылдың ішінде біз 3 триллион ақшаны қордан және республикалық бюджеттен проблемалық мәселелерді шешуге беріп отырмыз. Сұрақ: осы қаржылардың қаншасы қайтарылды және келешекте мұндай мәселе тағы да қайталана бере ме?  Мұның бір шектеуі болуы керек қой", - деді сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы.
Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов: "қарыз үшін еш алаңдамаңыздар" деді. Үкімет екінші деңгейлі банктерге берілген миллиардтардың қалай және қанша есемен қайтарылғанын дер кезінде баяндап отырады екен. Ал Ұлттық банк РБК-ны қаржылық қиындықтан алып шығуға бұл жолы 240 миллиард теңге бөлді. Бұл банкті сақтап қалу үшін "Қазақмыс" корпорациясы да көмекке келіп отыр. Жалпы, РБК-дан 600 миллиард теңге ым-жымы бір адамдармен шығарылған. Салдарынан жұрттың банкке салған өз қаржысына қолы жетпей жүр. Олардың енді ақшаларын жыл соңына дейін алады деп сендірді Ұлттық банктегілер. Бас банк пен РБК арасындағы келісімге сай, банкке көмек қаржы кезең-кезеңімен берілмек. РБК бірінші кезекте қарапайым тұрғындардың ақшасын қайтаруға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу