Сенаторлар қандастарға деп салынған үйлерге көңілі толмайтындарын жеткізді

654

Ит байласа тұрғысыз.  

Сенаторлар қандастарға деп салынған үйлерге көңілі толмайтындарын жеткізді

Осылай деген сенаторлар қандастарға деп салынған үйлерді сынға алды, деп хабарлайды Atameken Business.

Айтуларынша, Көкшетау іргесіндегі Красный Яр ауылына қоныстанған отандастарымыз қыс шықса болды, туыстарын жағалап кетеді. Себебі үйлердің қабырғасы жұқа болғандықтан, тым суық. Ал оның құрылысына 2009 жылдары мемлекеттен 1 млрд 500 мың теңге бөлініп, 138 екі пәтерлі баспана салынған. Біраз арыз-шағымнан кейін жөндеу жүргізу үшін 2012 жылы облыстық бюджеттен 196 млн теңге бөлінген. Алайда мәселе бәрібір шешімін таппаған. Енді сенаторлар қазына қаржысын оңды-солды шашқанша, қандастарымызға жер беру мәселесін шешуді ұсынуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу