Коронавируспен күрес жөніндегі қорға сенаторлар бір күндік жалақыларын қиды. Осыған қатысты сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның бастамасы палатаның жалпы отырысында бірауыздан мақұлданды.
COVID -19 пандемиясына қарсылық танытуға шақырған Дариға Назарбаева: "Сенат депутаттары мен аппарат қызметкерлерінің бір күндік жалақысын вируспен күрес жөніндегі қорға аудару туралы ұсыныс жасалды. Қарсылық жоқ па? Бұдан көп ақша аударуға ниет білдіргендер болса, бұл бастама құпталады. Қолдайсыздар ма?", – деді.
Ұсыныс оң қабылданды. Сенаторлар коронавируспен күрес қорына ақша аударатын болды.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу