Сенаторлар Маңғыстаудағы мәселенің шешілуіне атсалысып жатыр - Мәулен Әшімбаев

1545

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Маңғыстаудан сайланған сенаторлар өңірдегі мәселенің оң шешілуіне атсалысып жатқанын фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Сенаторлар Маңғыстаудағы мәселенің шешілуіне атсалысып жатыр - Мәулен Әшімбаев

"Біз елдіктің маңызды межесінде тұрмыз. Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, егемендігімізді одан әрі нығайту - басты міндетіміз. Кез келген мәселенің шешімін табуға болады, ол үшін, ең алдымен, жылдар бойы қалыптасқан бірлігіміз бен тұрақтылығымызға сызат түсірмеу аса маңызды", - деген ол Президенттің бұған дейін айтқанын қайталады.

"Маңғыстаудағы жағдай барша елді алаңдатып отыр. Мәселе Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың толық бақылауында. Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы Үкіметтік комиссия құрылды. Бүгінде Комиссия өкілдері өңірге барып, өз жұмысын бастады. Мәселе диалог негізінде шешілуге тиіс және Президентіміз айтқандай, барлық тараптың мүддесін ескеретін шешімге келу маңызды", - деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу