Сенаторлар Мүлік иелері бірлестігіне көшуді бір жылға ұзартуды ұсынып отыр

684

Тиісті заң жобасы түзетулер пакетімен Мәжіліске кері қайтарылды.  

Сенаторлар Мүлік иелері бірлестігіне көшуді бір жылға ұзартуды ұсынып отыр

Өзгеріс "Қазақстан Республикасына кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген, деп жазды inbusiness.kz

Сенат отырысында депутаттары осы заң жобасын қарап, түзетулер пакетімен Мәжіліске кері қайтарды. 

Сенаторлардың ұсыныстарының бірінде көппәтерлі тұрғын үйлерді кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына көшіру мерзімдерін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту көзделген.  

Депутаттар жаңа жүйеге көшу пандемия кезінде қатар жүргенін, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жай иелерінің жиналыс өткізуі қиын болғанын атап өтті. Соның салдарынан көппәтерлі тұрғын үйлердің барлығы басқарудың жаңа түріне көшкен жоқ. Сондықтан сенаторлар Мүлік иелерінің бірлестігіне көшуді бір жылға ұзартуды ұсынып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу