Сенаторлардың қатарына жаңадан екі депутат қосылды

793

Сенаторлардың қатарына жаңадан екі депутат қосылды

2018 жылдың 9 қазанында Берік Имашевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында 2018 жылдың 5 қазанында сайланған Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын тіркеу жөнінде отырыс өтті, деп хабарлайды ОСК баспасөз қызметі.

Онда ҚР парламенті сенатының депутаттарын тіркеу жөнінде қаулы қабылдады.

Қаулы бойынша "Нұр Отан" партиясының мүшесі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды мен Шымкент қаласы мәслихаты хатшысы, "Нұр Отан" партиясының мүшесі Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров тіркелді.

ҚР парламенты сенатының тіркелген жаңа депутаттарына тиісті куәліктері пен төс белгілері тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу