Сенатта ел аумағында дүлей зілзалалар қаупін азайту мәселелері туралы заң қаралды

503

Отырыстың қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

Сенатта ел аумағында дүлей зілзалалар қаупін азайту мәселелері туралы заң қаралды Фото: senate.parlam.kz

Сенатта Төтенше жағдайлар жөніндегі орталықтың қызметі туралы заң қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында оның болу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды талқылады.

Заң Төтенше жағдайлар жөніндегі орталықтың болуы мен жұмыс істеуі және Қазақстан Республикасының аумағында дүлей зілзалалар қаупін азайту мәселелерін реттеуді көздейді.

Сенаторлардың айтуынша, келісім ратификацияланғанда орталықтың мақсаты мен міндетін орындау үшін Қазақстан Республикасының аумағында қажетті жағдай қамтамасыз етілетін болады.

Комитет депутаттары кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу