Сенатта Финляндия Парламентінің депутаттарымен кездесу өтті

532

Қазақстан мен Финляндияның парламентаралық ынтымақтастығы талқыланды. 

Сенатта Финляндия Парламентінің депутаттарымен кездесу өтті Фото: senate.parlam.kz

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Финляндия Парламентінің депутаттары, парламентаралық "Орталық Азиямен достық тобының" мүшелері Киммо Килюнен және Хели Ярвиненмен кездесу өткізді, деп  жазады inbusiness.kz Сенаттың ресми сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша,  Финляндия – еліміздің солтүстік Еуропадағы және Еуропалық одақтағы маңызды әріптесі.

"Бүгінгі таңда жүзеге асырып жатқан саяси және экономикалық реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету – Парламент жұмысындағы басты басымдық. Сенат депутаттары айдың басында адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға, билік тармақтары арасындағы, сондай-ақ орталық пен өңірлер арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершіліктің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар маңызды конституциялық заңдарды қарады және қабылдады. Қабылданған ережелер Мәжіліс пен мәслихаттарды қалыптастырудың аралас үлгісін енгізу, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын кезең-кезеңімен енгізу үшін құқықтық негіз жасады", - деді сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Бұдан бөлек тараптар парламентаралық байланыстарды кеңейтудің маңызын талқылады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу