Сенатта халықаралық көлік тасымалын навигациялық бақылау туралы құжат қаралды

698

Құжат палатаның қарауына жіберілді.  

Сенатта халықаралық көлік тасымалын навигациялық бақылау туралы құжат қаралды

ҚР Парламентінің Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Заң жобасының мақсаты – навигациялық пломбалар мен оның инфрақұрылымын пайдалана отырып, транзиттік тасымалдарды қадағалап отыру жүйесін құру, осындай жүйенің ұлттық операторын және оның өзара іс-қимыл жасау. Оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау болып табылады.

"Құжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес конкурстық негізде халықаралық тасымалдарды қадағалап отыру жүйесінің ұлттық операторын айқындау бойынша ҚР Үкіметінің өкілеттігін айқындауға; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автомобиль тасымалдары кезінде навигациялық пломбаларды қолдану жөніндегі заңнама нормаларын бекітуге, сондай-ақ өзара іс-қимыл жасау, пломбаларды жалға алу, жауаптылық мәселелерін реттеуге бағытталған. Жоба қабылданғанда навигациялық пломбаларды пайдалану негізінде қадағалап отыру жүйесін құру бақылауды қашықтықтан жүзеге асыруға, сондай-ақ тауарлар бар көлік құралының Қазақстан Республикасының және ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен өту маршрутын қадағалап отыруға мүмкіндік береді", –  делінген Сенаттың баспасөз хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу