Андрей Лукин – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетін басқарды.
Асқар Шәкіров – Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.
Сүйіндік Алдашев – Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Нұртөре Жүсіп - Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болды.
Әли Бектаев – Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болды.
Сұлтанбек Мәкежанов – Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып сайланды.
Сенат депутаттары аталған кандидатураларды бірауыздан қолдады.
Еске сала кетсек, Мәулен Әшімбаев қайта Сенат спикері болып тағайындалды. Ал Жақып Асанов вице-спикер болып сайланғаны белгілі болды.