Сенатта ТМД аумағында жалған тауар белгілерінің жолын кесу туралы келісім ратификацияланды

455

Құжатты Сенат депутаты Қайрат Тастекеев таныстырды.

Сенатта ТМД аумағында жалған тауар белгілерінің жолын кесу туралы келісім ратификацияланды Фото: pravda.com

Сенат "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.

Сенатор Қайрат Тастекеевтың сөзінше, құжат міндеті – ТМД-ға қатысушы елдердің жалған тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау.

Ол бұл келісімге 2021 жылғы 28 мамырда ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылғанын еске салды.

"Келісімге қол қою тауарлар мен қызметтердің халықаралық нарығының дамуына, бәсекелестіктің өсуіне және даралау құралдарына құқықтарды қорғауға деген қажеттіліктің артуына байланысты. Құжатта жалған тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштері бар тауарларды өндіру мен өткізудің анықталған фактілері туралы ақпарат алмасу, өнеркәсіптік меншік саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласында кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар көзделген", - деді Сенат депутаты.

Бұдан бөлек ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің тауарларды дараландыру құралдарын қорғаудың ұлттық жүйелерін одан әрі дамыту жөніндегі күш-жігерін біріктіруге бағытталған, деп түйіндеді Қайрат Тастекеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу