Сенатта ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық желілеріндегі авторлық құқық туралы келісім мақұлданды

Құжат авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды сақтау саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мақсатында қабылданған. 

Сенатта ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық желілеріндегі авторлық құқық туралы келісім мақұлданды Фото: gov.kz

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) комитеттің 2023 жылғы 2 мамырдағы кеңейтілген отырысында заң жобасы бастамашысының, Сенат депутаттарының және Аппарат қызметкерлерінің қатысуымен қарап, қарады.

Заңның міндеті ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) ратификациялау болып табылады.

"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Келісім ратификациялануға жатады, оған сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге ережелердi белгілейтiн халықаралық шарттар ратификациялануға жатады.

Келісімге 2021 жылғы 12 қарашада ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысында:

  •  ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағында ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде интернет-ресурстарда авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану мәселелерін реттеу;
  •  авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдаланудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен іске асыру;
  •  уәкілетті (құзыретті) органдардың құқық иеленушілермен ынтымақтастығын тереңдету;
  •  уәкілетті (құзыретті) органдар арасында авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалануға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу;
  •  осы тақырып бойынша оқу, әдістемелік және арнайы әдебиеттермен, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен тұрақты негізде алмасуды қамтамасыз ету;
  •  авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды сақтау саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мақсатында қол қойылды.

Келісім Тараптарының өзара іс-қимылын үйлестіру ТМД шеңберіндегі Зияткерлік меншікті құқықтық сақтау және қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңеске жүктеледі. Келісімді іске асыру жөніндегі  іс-шараларды қаржылық қамтамасыз етуді Тараптар ұлттық бюджеттерде көзделетін қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырады.

Заңды қабылдаудан күтілетін нәтижелер ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтардың бұзылуына қарсы іс-қимылдың құқықтық тетіктерін жасау, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту болып табылады.

"Сенаттың тұрақты комитеттерінің осы Заң бойынша ескертулері мен ұсыныстары жоқ. Баяндалғанды ескере келе, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті "Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 
29-бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып, "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын Сенат отырысының қарауына енгізеді және Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 4-тармағына сәйкес оны мақұлдауды ұсынады", – деді Сенатта құжатты таныстырған депутат Лукин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу